Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бірінші жартыжылдықта мемлекет келтірілген 21,1 млрд теңге экономикалық шығын өтелді

2020 жылдың 6 тамыз 2020 16:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бірінші жартыжылдықта Қаржы мониторингі комитеті 743 қылмыстық істі тергеді, оның 560-ы мәні бойынша сотқа қарауға жолданды. Бұл туралы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппаратында Қаржы министрі Е.Қ.Жамаубаевтың және Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Ж.Элимановтың қатысуымен өткен экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңесте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Осы қылмыстық істер бойынша анықталған залал сомасы 38,4 млрд теңгені құрады, оның шамамен 32 млрд теңгесі мемлекетке келтірілген залал. Мемлекет кірісіне 21,1 млрд теңге өтелді, 9,6 млрд теңгенің мүлкіне тыйым салынды.

Тағы бір басты бағыт ретінде қаржы пирамидаларымен (29 қылмыстық іс тіркелген), заңсыз ойын мекемелерімен (117 қылмыстық іс, 160 орын жойылған), сондай-ақ, жалған ақша жасаумен (161 іс) күрес мәселесі болып табылады.


Басты сөздер: Басқа меморгандар, Бюджет,
Жоғары қарай