Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бірқатар облыста игерілмеген жайылымдар мемлекетке қайтарылуда - Президент

2020 жылдың 27 мамыр 2020 12:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында игерілмеген жайылымдар біртіндеп мемлекетке қайтарылуда. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Саяси реформалардың бірінші топтамасына кіретін басқа да заң жобалары әзірленіп жатыр. Сондай-ақ сайлау туралы және саяси партиялар туралы заңдарға өзгерістер енгізетін құжаттарға қол қойдым. Біз Парламенттік оппозиция инстутын енгіздік. Саяси партияларды тіркеуге қатысты талап жеңілдетілді»,- деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті сайлауға түсетін саяси партиялар әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота бөлетіндігін баса айтты.

«Жала жабуды қылмыс санатынан алып тастау және Қылмыстық кодекстің 174-бабын ізгілендіру жөніндегі нормаларға азаматтар барынша қолдау білдірді. Мұнан бөлек, басқа да мәселелер бойынша нақты нәтиже бар. Шетелден жұмысшылар әкелуге белгіленген квота 40 пайызға азайды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Есеп комитеті мемлекеттік органдарда жүргізілген тексерістің аудиторлық қорытындыларын жариялай бастағанын айтты.

«Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында игерілмеген жайылымдар біртіндеп мемлекетке қайтарылуда. Бұған ғарыштан мониторинг жүргізу арқылы қол жеткіздік. Мұның бәрі Ұлттық кеңестің бастамасымен жүзеге асырылған шаралардың бір бөлігі ғана. Баршаңызға қазіргідей күрделі кезеңде өзекті мәселерді талқылауға белсене қатысқандарыңыз үшін алғыс айтамын», - деді ҚР Президенті.


Жоғары қарай

Warning: file_put_contents(): Only 0 of 15740 bytes written, possibly out of free disk space in /home/admin/web/lenta.inform.kz/public_html/system/classes/Kohana/Core.php on line 920