Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2021 жылдың 27 қараша 2021 18:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет ауа райына байланысты 28 қараша күні бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

28-30 қарашада Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Тәулік бойы 28, түнде 29 қарашада солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күші 15-20 м/с жетеді.

Түнде 28 қарашада Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының оңтүстігінде шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында тұман. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с болады.

Түркістан облысының таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман сақталады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан таулы аудандарда оныңжылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Шымкент қаласында да 28 қарашада түнде және таңертең тұман түседі.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20 м/с күтіледі.


Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай