Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бірқатар шет мемлекет Қазақстанға көмек береді - СІМ

2020 жылдың 20 наурыз 2020 17:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бірқатар шет мемлекет Қазақстанға көмек береді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«СІМ өзінің шетелдік мекемелері арқылы Қазақстанға гуманитарлық көмек тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бүгінде Корея Республикасынан, Қытайдан, Жапониядан және Швейцариядан тиісті көмек алу туралы келісімге қол жеткізілді», - деді ол.

Ресми өкілдің айтуынша, аталған елдер медициналық маскалар, вирустық тестілер, қорғаныс киімі, арнайы жабдықтар, сондай-ақ қазақстандық медиктерге консультациялық қолдау көрсететін болады. Мысалы, Корея мен Жапонияның эпидемиологтары 23-24 наурыз күндері біздің денсаулық сақтау министрлігі үшін арнайы бейне-кеңестер өткізуді жоспарлап отыр. Бірқатар елдермен, мысалы Израильмен эпидемиологиялық кеңес беру бойынша алдын ала уағдаластық бар», - деді Айбек Смадияров.

Сонымен қатар ол еліміздің Сыртқы істер министрлігі үш аусыммен жұмыс істеп жатқанын айтты.

«Басшылық құрамында тұрақты топ жұмыс істейді. Қалған қызметкерлер бірнеше топқа бөлініп, кестеге сәйкес кезек-кезек қашықтықта жұмыс істеуде»,- деді ресми өкіл.


Жоғары қарай