Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бірқатар жанармай стансалары бензин бағасын негізсіз қымбаттатып жіберген

2021 жылдың 26 мамыр 2021 17:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі нарықтағы бензин бағасына талдау жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жыл басынан бері Қазақстан бойынша АИ-92 бензині бағасының орта есеппен 12-13% өсуіне және ішкі нарықты мұнай өнімдерінің осы түрімен қамтамасыз етуде қалыптасқан ахуалға байланысты агенттіктің аумақтық бөлімшелері ықтимал алыпсатарлықты және АИ-92 бензині бағасының негізсіз өсуін болдырмау мақсатында нарыққа талдау жүргізді.

Жүргізілген жұмыс нәтижесі бойынша бензинді бөлшек саудада өткізушілердің әрекетінде бағалық сөз байласу белгілері анықталды.

30 сәуірде монополияға қарсы орган бензинді бөлшек саудада өткізушілердің атына АИ-92 бензиніне баға белгілеу және ұстап тұру бөлігінде бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттер белгілері бойынша 14 хабарлама енгізді.

Оның ішінде үшеуі - республикалық АЖҚС PetroRetail, Гелиос, Sinooil.

Ақмола облысы: «PetroRetail» ЖШС (филиал), «Гелиос» ЖШС (филиал), «НПО «ЮНА» ЖШС, «Инком Плюс» ЖШС, «Есиль» ЖШС.

ШҚО: «Восток логистик» ЖШС, «Sinoоil» ЖШС (филиал), «PetroRetail» ЖШС филиал).

СҚО: «Эталон Регион» ЖШС, «Северная Топливная Компания» ЖШС, «PetroRetail» ЖШС (филиал), «Гелиос» ЖШС (филиал).

Қостанай облысы: «PetroRetail» ЖШС (филиал), «Гелиос» ЖШС (филиал), «Костанайнефтепродукт» ЖШС, «Мунай Трейд kst» ЖШС, «Kst trade» ЖШС, «Рудненская Топливная компания» ЖШС, «Костанай Автогаз-7» ЖШС.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес хабарламаны орындау мерзімі - оны алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн.

Хабарламаны орындамау монополияға қарсы тергеп-тексеру жүргізу үшін негіз болып табылады.

Белгіленген бағаны Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан бағалау кезінде және олардың негізділігі нарық субъектісінің нақты шеккен шығынын ескере отырып, оның ішінде көтерме саудада жеткізушілерінен сатып алу бағасын ескере отырып қаралады.


Жоғары қарай