Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бірқатар жобадан 44 трлн теңгеден астам инвестиция күтілуде – Асқар Мамин

2021 жылдың 9 қазан 2021 18:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин негізгі капиталға инвестициялар тарту жобалары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Инвесторлармен жұмыстың жедел мониторингі мен үйлестіруін қамтамасыз ету мақсатында инвестор тарту мәселелері жөніндегі кеңес (инвестициялық штаб) қызметі іске қосылды. Инвестициялық штабтың жұмысы аясында 2021-2025 жылдарға арналған жобалар пулы қалыптастырылды, бұл 3 мыңға жуық жобадан тұрады, олар негізгі капиталға 44,7 трлн теңге инвестицияны қамтамасыз етеді», - деп жазды Премьер-Министр депутаттық сауалға берген жауабында.

Оның айтуынша, аталған жобаларды іске асыру салалық орталық және жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшылары жасаған негізгі капиталға инвестициялар тарту жөніндегі меморандумдарда бекітілген.

«Инвестициялар үшін бәсекелестікті ынталандыру мақсатында өңірлік деңгейде қабылданатын шаралардың тиімділігін кешенді бағалауға және инвесторлармен жұмыс істеудегі үздік тәжірибені анықтауға мүмкіндік беретін өңірлердің инвестициялық тартымдылығының рейтингі қолданылады», - деп атап өтті Премьер.

Атап айтқанда, шетелдік инвесторлар қатысымен іске асырылатын басым салалардағы жобаларға ерекше көңіл бөлінеді. Стратегия инвестицияларды белсенді тарту үшін салалардың екі тобын айқындады. Бірінші топ – қолданыстағы қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективада ҚР бәсекелестік артықшылықтарының көзі болатын әлеуетті салалар. Осы топ аясында тамақ өнеркәсібі, металлургия, химия, мұнай химиясы және машина жасау сияқты салалар айқындалды. Екінші топ – инвесторлар ұзақ мерзімді перспективада мүдделі болуы мүмкін салалар. Бұл бағытта Стратегия ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, туризм және қаржы сияқты салаларды анықтады.


Жоғары қарай