Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бірнеше рет атылған оқ даусы жұрттың зәресін ұшырды –Павлодар

2021 жылдың 14 сәуір 2021 22:31

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарлық оқушы пневматикалық тапаншамен оқ атып жұрттың зәресін ұшырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Үйінде пневматикалық пистолет тауып алған 12 жасар оқушы аулаға атуға кеткен.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Катаев көшесі, 44/5 үйдің ауласында атысқа ұқсас дыбыстарды естіген көршілер полиция шақырған.

- Біз 12 жастағы оқушының 29 жастағы ағасына тиесілі шкафтан пневматикалық тапанша тапқанын анықтадық. Содан кейін үйдің ауласында бос сыра бөтелкелерін жинап, оларды атуды бастаған. «МР-53м» маркалы тапанша пневматикалық қару болып табылады және еркін айналымда сатылады, - деді ПД бастығының міндетін атқарушы Жасқайрат Қайыров.

Кәмелетке толмаған баламен және оның ата-анасымен осындай фактілерге жол бермеу және қаруды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді.


Басты сөздер: ҚР ІІМ, Оқиға, Павлодар облысы,
Жоғары қарай