Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Біртанов ісі: Сот Денсаулық сақтау министрлігінің өкілін алдын ала тыңдау процесінен шеттетті

2022 жылдың 26 қаңтар 2022 18:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ісі бойынша алдын ала сот тыңдауынан Денсаулық сақтау министрлігінің бір өкілі шеттетілді, деп хабарлайды.

Алдын ала тыңдау барысында Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық №2 сотының судьясы Ибрагим Әлкенов айыпталушы тараптан айыптау құжаттарына қатысты қандай да бір қарсылық, шағымдары бар-жоғын сұрады.

Сотталушылар Елжан Біртанов пен оның орынбасары болған Олжас Әбішевтің адвокаттары айыптау материалымен танысып үлгермегенін айтып, істі мемлекеттік айтыптаушыларға қайтару туралы ұсыныс берді.

Олжас Әбішевтің адвокаты Сәрсен Төлентаев айыптау материалымен толық танысып шығу үшін кемінде бір жыл уақыт керек екенін айтты.

Айта кетейік, 17 қаңтарда бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үстінен қозғалған қылмыстық іс сотқа түскені туралы хабар тараған болатын.

Ал 20 қаңтарда аталмыш іс бойынша алдын ала тыңдау 26 қаңтарда өтетіні белгілі болды.

Елжан Біртанов 2020 жылдың 3 қарашасында бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікпен қамауға алынған болатын.



Жоғары қарай