Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Біржолғы зейнетақы төлемін алу қарқыны 5,5 есе баяулады

2021 жылдың 14 қыркүйек 2021 11:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаевтың мәлімдеуінше, қазақстандықтардың біржолғы зейнетақы өлемін алу қарқыны 5,5 есе баяулаған. Ол бұл туралы Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері жыл басынан бері зейнетақы жинақтарын алу қарқынының төмендеуі аясында 52 млрд теңгеге немесе 0,4%-ға ұлғайып, тамыздың соңында 12,9 трлн теңгені құрады. Мысалы, қаражатты ай сайынғы алу көлемі ақпан айындағы 643 млрд теңгеден тамыз айында 118 млрд теңгеге дейін немесе 5,5 есе баяулады», - деген Ұлттық банк төрағасы салымшылардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу сомасы 1,8 трлн теңгеге жеткенін атады.

Яғни, 449,3 мың өтініш қанағаттандырылған. Оның ішінде тұрғын үй мәселелерін шешуге 1 765 млрд теңге жұмсалған.

Жалпы 8 айдың қорытындысы бойынша елдегі 5,8% инфляция болса, зейнетақы жинағының кіріс деңгейі 7,6% болған.


Жоғары қарай