Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Биыл 220 ауылға су сүзетін кешен қойылады

2021 жылдың 13 қазан 2021 13:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауыз суы сапасыз сүзгіші бар кешендер орнатылып жатыр. Жыл аяғына дейін сондай кешендер 220 ауылға орнатылуы керек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бейбіт Шаханов аталмыш кешендердің қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.

Маманның айтуы бойынша, кешенді блок модульдер жерасты суын да, өзен-көлдің суын да ішіуге жарамды етіп тазарта алады.

«Бүгінге дейін 403 ауылда кешенді блок модуль орнатылған. Тағы 1 129 аулдар орнату жоспарланып отыр. Оның ішінде биыл 223 ауылға биыл орнатылады. Ол модульдердің бағасы судың сапасы мен қаншалықты тереңде жатқанына байланысты 5-30 млн теңге аралығында.

Кешенді блок модуль деп отырғанымыз – кәдімгі су тазартқыш. Яғни, ұңғымадан тартылған суды сүзіп, тұрғындардың тұтынуына жарамды етіп тазартады. Қай ауылға қандай бағадағы модуль қойылатыны сондағы су көзінің сапасына байланысты. Жерасты суы болса, оны тартып, сүзіп береді. Жер бетіндегі су болса, көл немесе өзен болса да, тазалап береді» - деді комитет басшысының орынбасары.


Жоғары қарай