Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Биыл Ақмола облысында 5 мыңнан астам пәтер пайдалануға беріледі

2021 жылдың 18 маусым 2021 13:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Ақмола облысында 5 мыңна астам пәтер пайдалануға беріледі. Бұл туралы өңір әкімі Ермек Маржықпаев өңірдегі мал басы артқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұрғын үй құрылысының саласында да жақсы нәтиже сақталып отыр. «Нұрлы жер» бағдарламасы іске асырылған сәтінен бастап, үш жылда шамамен 1,6 млн шаршы метр тұрғын үй салынды, 14 мың ақмолалық отбасы пәтер мәселесін шешті», - деді әкім Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, биыл тұрғын үй құрылысы саласында серпіліс болмақ, осы орайда 665 мың шарты метр баспана пайдалануға беріледі, яғни 5 мың астам пәтер табысталады. Қазіргі кезде 200 мың шаршы метрі немесе 1300-ден астам пәтер пайдалануға берілді.

«Мемлекеттік инвестиция есебінен 71 үй (3 161 пәтер) салынып жатыр, оның ішінде 34 үй биыл тапсырылады. Қолжетімді баспана құрылысының аумағы кеңейіп келеді. Бұл ретте 9 аудан, сондай-ақ Көкшетау мен Степногор қалалары қамтылды», - деді Е. Маржықпаев.

Оның сөзіне қарағанда, әлеуметтік тұрғыда осал топтар үшін жалға берілетін 551 пәтер бөлінеді, соның арасында 179 пәтер көпбалалы отбасыларға тиесілі болады.


Жоғары қарай