Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Биыл Ақмола облысында 570 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

2020 жылдың 27 қараша 2020 13:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола облысыда биыл 570 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы өңір әкімі Ермек Маржықпаев айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұрғын үй құрылысының саласында да оң қарқын сақталуда. «Нұрлы жер» бағдарламасы іске асырылған сәтінен бастап, үш жылда шамамен 1,5 млн шаршы метр тұрғын үй салынды, 13 мың отбасы пәтер мәселесін шешті», - деді әкім Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, биылға жоспарланған 570 мың шаршы метрдің (5 мыңнан астам пәтер) 455 мың шаршы метрі пайдалануға берілді (3 668 пәтер).

Жалпы жалға берілетін тұрғын үй және демеушілік қаражат есебінен биыл 500 аз қамтылған отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.


Жоғары қарай