Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Биыл Ақмола облысында облыстық маңыздағы 740 км жол жөнделеді

2021 жылдың 20 мамыр 2021 22:32

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Биыл Ақмола облысында облыстық маңыздағы 740 км жол жөнделеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Басқарма таратқан деректерге қарағанда, биыл 740 км облыстық, 338,1 км аудандық маңызы бар автожолдар мен 404,2 км елді мекендердің көше-жол желілерін жөндеу жоспарланған.

Ақмола облысының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының ұзындығы – 7 890,5 км, оның ішінде республикалық маңызы бар – 2 264,5 км, облыстық маңызы бар – 2 661 км, аудандық маңызы бар – 2 965 км құрайды.

Ақмола облысына қарасты Степногорск қаласының әкімі өңірлік коммуникациялар қызметінде 2021 жылдың 1 тоқсанының қорытындылары бойынша әлеуметті-экономикалық дамуына арналған брифингте 2020 жылы өңірде 11,1 шақырымнан астам жергілікті маңызы бар жолдардың қалыпқа келтірілгенін айтты.

Көлік коммуникацияларын тиісті жағдайда ұстау үшін қалада мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Жергілікті биліктің назары осы мәселелерді шешуге бағытталған.

Қала басшысының айтуынша, осы салада ағымдағы жылға нақты міндеттер айтылды.

Айтап айтқанда, биыл «Степная көшесінен Степногор-Азат тасжолына дейінгі 20 шағынаудан тас жолының учаскесін қайта құру» және «Сарыарқа көшесінен Целиноградская көшесіне шығу жолын қайта қалпына келтіру» жобалары аяқталуда, жалпы ауданы 32 мың шаршы метрді құрайтын қалалық жолдарды және шағынаудандардың ішін жөндеу бойынша жұмыстар жалғасын табады.


Жоғары қарай