Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Биыл Алматы облысы жолдарында 110 адам көлік апатынан мерт болған

2021 жылдың 27 мамыр 2021 22:53

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Биыл Алматы облысының жолдарында 110 адам көлік апатынан мерт болған. Ал 1076 адам түрлі дене жарақатын алып, зардап шеккен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, соңғы төрт айда өңір жолдарында 677 көлік апаты болған.

Мәселен, «Алматы-Бішкек» жолында 52 апат болып, 13 адам қаза тапқан, 87 адам зардап шеккен.

Ал, «Алматы-Өскемен» 46 көлік апаты тіркеліп, 19 адам көз жұмды, 88 адам түрлі дәрежеде дене жарақатын алған.

«Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас» (44 көлік апаты, 11 адам көз жұмды, 77 адам зардап шекті).

«Алматы-Тағлар-Есік-Маловодное» (33 көлік апаты болған, 4 адам қайтыс болды, 41 адам зардап шеккен).

«Алматы-Нұр-Сұлтан» (22 көлік апаты, қайтыс болғандар саны - 8, 29 адам түрлі дене жарақатын алған).

Ведомствоның баспасөз қызметі көлік жүргізушілерге жолда барынша абай болып, жылдамдықты асырмай, жол ережесін сақтауды ескертеді.

Жоғары қарай