Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Биыл Алматыда студенттерге арналған екі жатақхана салынады

2021 жылдың 21 қаңтар 2021 16:09

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық заң академиясының көпсалалы кешенінде болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мегаполис әкімі Instagram-дағы парақшасында қаладағы жоғары оқу орындарының студент жастардың өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін жатақханалар салып жатқанын айтты. Бұл – Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасындағы» негізгі міндеттің бірі.

«Дінмұхамед Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясында ашылғалы жатқан көпсалалы кешенде болдым. 100 студентке арналған орын, оқытушыларға арналған бөлмелер, сондай-ақ тұрмысқа қажет асхана, кір жуатын орын, кітапхана, медпункт, интернет сыныптар қарастырылған», - деп жазды Б. Сағынтаев.





Соңғы екі жылда жоғары оқу орындары 1,5 мың орынға жуық 5 жатақхана салды және модернизацияланды. Биыл 1,7 мың студентке арналған тағы екі ғимараттың құрылысы басталды.

«Алматы – жастар қаласы. Сондықтан білім алып жүрген жастардың өмір сүру мен тұрмыс жағдайын жақсарту бойынша жұмыстарды жалғастыра береміз», - деп атап өтті Алматы әкімі.


















Жоғары қарай