Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Биыл «Алтын белгіге» 8 506 оқу  үздігі үміткер

2020 жылдың 25 мамыр 2020 15:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл «Алтын белгіге» 8 506 оқу үздігі үміткер болып отыр. Мұндай дерек ҚР Білім және ғылым министрлігінің Telegram парақшасында жарияланған ақпаратта келтірілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство мәліметінше, қазіргі таңда Қазақстанда 7 412 мектеп бар. Оларда 3 349 069 бала оқиды. Осы жылы 9 сынып түлектері - 266 897, 11 сынып түлектері - 144 706 бала болды. Түркістан облысында түлектердің саны ең көп – 24 мыңнан астам. «Алтын белгіге» 8 506 оқу үздігі үміткер болып отыр.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге 130 мыңнан астам адам қатысады. Оның ішінде 111 017 бала - биылғы оқу жылының мектеп түлектері, 20 454 бала - колледж және өткен оқу жылдарының мектеп түлектері.


Жоғары қарай