Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Биыл астанада 8 мектеп салынады

2022 жылдың 26 қаңтар 2022 18:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл астанада 8 мектеп қолданысқа берілуі керек. Қалалық құрылыс басқармасының басшысы Әрсен Жаңғасқанов мәслихат депутаттарына осындай жоспарын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл бюджеттік инвестициялық жоба бойынша 5 мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Оның ішінде Ұлы Дала көшесіндегі 1200 орындық мектеп бар. Бұған дейін де бұл нысанның «сақалды құрылыс» екенін айтқанмын. Ақыры мердігерін ауыстырдық. «Сәт құрылыс» компаинясымен келісім-шартты бұздық. Құрылысты «Мейір М» ЖШС аяқтайды. Қарасай батыр-Бұланты ауданындағы мектептің құрылысы жүріп жатыр. Биыл аяқтауды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, № 65, №44 және №59 мектептердің аумағындағы қосымша құрылыстар бар. №65 және №44 мектеп бойынша конкурс өтіп жатыр, аяқталуға жақын. Ақпан айының ортасына қарай мердігерлер белгілі болатын шығар. №59 мектеп бойынша сараптамадан өтіп жатырмыз. Мұнда жеке құрылыс салынып кеткен. Соның кесірінен кешігіп жатырмыз. Бүгінде мәселе шешілді, нысан сүріледі. Қазір бұл мектепте 3800 бала оқып жатыр. Жобалық қуаты бойынша 2400 балаға арналған», - деді басқарма басшысы.

Оның мәліметі бойынша, биыл қалада мемлекет-жекеменшік әріптестігі аясында 3 мектеп салынып бітуі керек.

«Мемлекет-жекеменшік әріптестігі бойынша салынып жатқан Zam-Zam мектебінің (2000 орындық) іргетасы құйылып, қаңқасы бой көтерді. Биыл пайдалануға бермекшіміз. Рысқұлов-Қасенов қылысындағы немесе EXPO ауданындағы 2000 орындық мектепті де биыл аяқтау жоспарланған. Бұдан бөлек Омаров-Мұхамедханов ауданындағы 2000 орындық мектептің жобасын пысықтап жатырмыз», - деді Әрсен Жаңғасқанов.


Автор Есімжан Нақтыбай
Басты сөздер: Құрылыс, Мектеп, Білім,
Жоғары қарай