Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Биыл ауыл тұрғындарының 87 пайыздан астамы сумен қамтамасыз етілмек

2020 жылдың 28 мамыр 2020 18:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл ауыл тұрғындарының 87 пайыздан астамын ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықты сапалы ауыз сумен және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жалғастыру мақсатында 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында биыл республикалық бюджеттен 111,5 млрд теңге қарастырылып отыр. Ол қаражатқа 316 жоба іске асырылады. Нәтижесінде, қалаларда халықты ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 97,5 пайызға жеткізіледі. Бұл тұрғыда 10 млн-нан астам адам қамтылады. Ал ауылдық жерлерде аталған көрсеткіш 87,7 пайызға дейін жетіп, 6,84 млн адамды қамтиды», - делінген ҚР ИИДМ мәліметінде.

Сонымен қатар, қалаларда ағынды суларды тазартумен қамту 74,9 пайызды құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы бұл бағытта 404 жоба жүзеге асырылып, 4078 ауыл сумен қамтылды. Қазіргі уақытта ел бойынша ауыз суға қолжетімділік көрсеткіші - 92,6 пайыз.


Жоғары қарай