Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Биыл автожол саласындағы жобаларды іске асыруға бюджеттен 601 миллиард теңге бөлінді

2022 жылдың 17 мамыр 2022 12:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан жолдарының 11500 шақырымында құрылыс және жөндеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл автожол саласындағы жобаларды іске асыруға республикалық бюджеттен 601 миллиард теңге бөлінді. Жалпы қолданыстағы автожолдардың 11500 шақырымында құрылыс, реконструкция және жөндеу жүргізіліп жатыр», - деді Қ. Өскенбаев Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, биыл құрылыс және реконструкциялау бойынша 4300 шақырым болатын 18 жоба іске асырылып жатыр, оның 15-і өтпелі және 3-уі жаңа жоба.

Жыл соңына қарай 1600 шақырым жолдағы жұмыстарды аяқтау жоспарланған: Талдықорған - Өскемен (579 шақырым), Қарағанды – Балқаш (93), Балқаш – Бурылбайтал (127), Бурылбайтал-Кұрты-Қапшағай (62), Ұзынағаш – Отар (38), Мерке – Бурылбайтал (118), Ақтөбе – Қандыағаш - Мақат (246), Атырау - Астрахан (40), Қалбатау – Майқапашағай (143), Үшарал - Достық (147), Қостанай – Денисовка (24), Павлодар-Семей (10), Шамалған (6).

1400 шақырымда көлік қозғалысын ашу көзделген: Талдықорған – Өскемен (189), Қарағанды – Балқаш (270), Балқаш – Бурылбайтал (161), Бурылбайтал-Кұрты-Қапшағай (107), Ұзынағаш – Отар (41), Қандыағаш - Мақат - Атырау (96), Атырау – Астрахан – (134), Қалбатау – Майқапашағай (158), Мерке – Бурылбайтал (82), Қостанай – Денисовка (19), Үшарал - Достық (3), Шамалған (6), Петропавл – РФ шекарасы (16), Қызылорда – Жезқазған (90), ҮАААЖ – (66 шақырым).

Бұған дейін Индустрия министрі 2025 жылға дейін республикалық жолдардың нормативтік жағдайдағы үлесі 100 пайызға жететінін айтқан еді.

Сонымен бірге, елдегі көлік-транзиттік әлеуетін арттыру үшін Қазақстан арқылы өтетін 8 көлік дәлізі жаңғыртылады.


Жоғары қарай