Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Биыл «Айбын» жастар жиынына 525 адам қатысады

2020 жылдың 27 мамыр 2020 18:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Айбын» жастар жиынына 15 адамнан тұратын 30 топ қатысады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен Айбын - VI республткалық әскери-патриоттық жастар жиынына арналған брифингіде айтылды.

«Айбын» жастар жиынына 15 адамнан тұратын 30 топ қатысады. Олар: «Жас ұлан» мектебінің, «Арыстан» мамандандырылған лицейінің, облыстық әскери мектеп-интернатының, Қарулы күштер әскери-патриоттық клубтарының, облыстық және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әскери-патриоттық клубтарының тәрбиеленушілері. Қатысушылардың жалпы саны - 525 адам», - дейді «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейірбек Меңдіғалиев.

Оның айтуынша, онлайн жиынға 14-18 жас аралығындағы кез келген адам қатыса алады.

«Қатысу үшін «Айбын« мобильді қосымшасына тіркеліп, жарыс шарттарын орындауы керек. Марапаттау рәсімі ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында болады. Оған жүлделі орын алған команда капитандары қатысады. Қалған сыйлықтар өңірлерге жеткізіледі», - дейді ол.


фото: sarbaz.kz

Автор Зарина Қаһарман
Басты сөздер: Әскер, Қоғам,
Жоғары қарай