Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Биыл бес айда Қазақстанда 391 мың автокөлік тіркеуге қойылды

2020 жылдың 3 маусым 2020 18:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылғы бес айда Қазақстанда 391 мың автокөлік тіркеуге қойылды. Бұл туралы «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Есепті кезеңде әкімшілік полиция органдары 391 801 автокөлікті тіркеуге қойды. Аталған көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінен 32,1 пайызға кем. Оның ішінде 358 146-сы екінші рет тіркелгендер үлесінде, яғни бір адамнан екінші адамның атына ауыстырылған көліктер санатына жатқызылды. Бір жыл бұрынғы деңгеймен салыстырғанда 33,7 пайызға төмендеді. Ал алғаш рет тіркелген көлік құралдарының саны 33 655-ті құрады. Ол былтырға қарағанда, 7,9 пайызға аз», - деп атап көрсетілген таратылған мәліметте.

Биылғы қаңтар-мамырда Қазақстан аумағында 16 электромобиль тіркелген екен.

«ҚазАвтоӨнеркәсіптің» хабарлауынша, есепті кезеңде қайта тіркелген көліктердің үштен екісінен астамын (68,2 пайызы) пайдалану мерзімі 10 жылдан асқан көліктер қамтыған.

Атап айтқанда, 20 жылдан асқандардың үлесі 151 440 мың көлік (42,3 пайыз) болса, 11-ден 20 жылға дейінгілер 25,9 пайызды (92 883 көлік) құрады. Ал 4-тен 7 жылға дейінгілер – 61 259 көлікке (17,1 пайыз), 8-ден 10 жылға дейінгілер – 35 213 көлікке (9,8 пайыз), 1-ден 3 жылға дейінгі көлік саны 16 620-ға жетті. Сонымен қатар, пайдалану мерзімі 1 жылға жетпеген көліктердің үлесі 0,2 пайыз (731автомобиль) болды.


Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Өнеркәсіп, Көлік, Қоғам,
Жоғары қарай