Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Биыл дәрігерлерге үстемақы төлеуге 42 млрд теңге жұмсалған

2021 жылдың 12 мамыр 2021 18:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қаңтар-наурыз аралығында дәрігерлерге үстемеақы төлеуге қанша қаражат жұмсағаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты.

«Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов депутаттық сауалға берген жауабында айтылғандай, Денсаулық сақтау субъектілерінің коронавируспен күреске тартылған қызметкерлеріне үстемеақы төлеу үшін кепілдендірілген тегін медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражаты есебінен ондаған, тіпті жүздеген млрд теңге жұмсалған. Қазіргі уақытта қордан пандемиямен күресуге қанша қаражат жұмсалып жатыр», - деп сұрады БАҚ өкілдері.

Болат Төкежанов МӘМС жүйесі өткен жылдың наурыз айынан бастап дәрігерлерге ынталандыру төлемдерін бөле бастағанын еске салды.

«Қор өз тарапынан медициналық қоғамдастықтар алдындағы өз міндеттемелерін жауапкершілікпен орындап, тиісті үстемеақыларды уақтылы төлеп келеді. 2020 жылы денсаулық сақтау қызметкерлерін көтермелеуге шамамен 111 млрд теңге бағытталды. Елімізде күрделі эпидемиологиялық жағдай сақталып отырғанын ескерсек, біздің әріптестерімізге үлкен жүктеме түсіп жатыр деуге болады. Қор Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасы бойынша үстемақы төлеу жөніндегі жұмысты жалғастыруда. Коронавирус инфекциясымен күрес аясында 2021 жылы қаңтарда 50,5 мың медицина қызметкеріне 13,9 млрд теңге төледі. Ақпан айында 51,7 мың медицина қызметкеріне 13,8 млрд теңге аударды. Наурызда 53,2 мың медицина қызметкерліне 14,7 млрд. теңге мөлшерінде үстемеақы есептелді. Жалпы, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 42,4 млрд теңге тиісті үстемеақы төлеуге бағытталды», - деді Болат Төкежанов.
Жоғары қарай