Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Биыл еліміз Ауғанстанға астық экспорттай ма

2021 жылдың 28 қыркүйек 2021 16:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Ауғанстанға отандық астықты экспорттау мәселесі қалай болмақ? Бұл сұраққа ҚР АШМ өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Азат Сұлтанов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің ел үшін Ауғанстан - астық пен ұн экспорттау нарығындағы стратегиялық серіктесіміз. Аталған елдегі саяси жағдайға байланысты астық пен бидай жөнелту уақытша тоқтатылған еді. Қазіргі уақытта бизнес және тасымалдаушылардың ақпаратына сәйкес, төлем және астық вагондарын жеткізу мәселесі шешілді. Сондықтан қазіргі уақытта астық жөнелтуде проблема жоқ. Жалпы Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы бизнес серіктестік жақсы жолға қойылған. Осы орайда ол елге отандық өнімдерді жөнелту өз деңгейінде жүріп жатыр. Статистикаға келсек, бүгінде Ауғанстанға 199 мың тонна ұн мен 33 мың тонна астық жөнелтілді», - деді Азат Сұлтанов ОКҚ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, біздің ел Ауғанстанға негізінен ұн экспорттайды.

Бұған дейін аталған департамент басшысы еліміздегі нан бағасына қатысты болжам жасады.



Жоғары қарай