Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Биыл елімізде халықты газдандыру деңгейі 54 пайызға жуықтайды

2021 жылдың 5 наурыз 2021 12:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылдың соңына қарай халықты газдандыру деңгейі 53,7 пайызды құрайды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Нұрлан Ноғаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылы 51 газдандыру жобасын іске асыру үшін 38,4 млрд теңге бөлінді. 13,8 млрд теңге сомасындағы 19 жобаны аяқтау нәтижесінде елді газдандыру деңгейі 53,07 пайызды құрады немесе 9,84 млн адам табиғи газға қол жеткізді. Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес талдау жүргізіліп, құны 302 млрд теңгеден асатын, пайдаланушы ұйымдардың теңгеріміне берілмеген 1 227 нысан анықталды. Бүгінгі таңда жалпы сомасы 74,5 млрд теңге болатын 318 нысан тапсырылды», - деді министр.

2020 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Үкіметтері арасындағы «Байқоңыр» кешенін газбен жабдықтау туралы келісімді ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Аталған Келісім Байқоңыр қаласының тұрғындарына коммуналдық қызметтерді төлеу шығындарын азайтуға мүмкіндік берді.

«2021 жылдың соңына қарай халықты газдандыру деңгейі 53,7 пайызды құрап, 119 мың адам газға қол жеткізетін болады. Сонымен қатар 2021 жылы Газ саласын дамытудың кешенді жоспарын әзірлеу және Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын өзектендіру бойынша жұмыс жүргізіледі. Бұл еліміздің энергия ресурстарын тиімді пайдалануға және газ тарату желілерін салу кезінде бюджет қаражатын оңтайлы бөлуге мүмкіндік береді», - деді Н. Ноғаев.


Жоғары қарай