Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Биыл елімізде неше түлек мектеп бітіреді

2021 жылдың 24 мамыр 2021 16:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі орта білім беру комитетінің төрағасы Майра Мелдебекова биылғы оқу жылында неше оқушының мектеп бітіретінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы 3 млн 400 мыңнан астам оқушымыз бар. Осы оқу жылында оқу процесі әр түрлі форматтармен жүрді. Оқушы саны 300 балаға дейінгі мектептердің бәрі дәстүрлі форматта оқыды. Ол мектептерде 120 мыңнан астам бала бар. Сонымен қатар, оқу жылының басынан бері 1-5 сыныптарда кезекші топтар аштық. Әрине бастауыш сыныптардың балаларында қашықтан оқуға дағдылары қалыптаспағандықтан олардың бәрімен елдегі санитарлық ахуалға байланысты кезекші топтар бойынша жұмыс істеуге құзырлы министрліктен рұқсат алып отырдық», - деді. Майра Мелдебекова.

Министрлік өкілі ІІІ тоқсаннан бастап 9-11 сыныптарда қорытынды аттестация емтихандарын тапсыратын болғандықтан, дәстүрлі форматта білім алуға мүмкіндік алғанын еске салды.

«Жыл бойында оқыту форматы әрбір елді мекеннің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайына байланысты таңдалып отырды. Қорытынды аттестаттауға баратын 264 800-ден астам бала 9 сынып түлегі, 154 400-ден астам 11 сынып түлегі бар», - деді комитет басшысы Майра Мелдебекова.


Жоғары қарай