Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Биыл елордада 150 көше жөнделіп, Есіл өзенінде тағы бір көпір салынады

2020 жылдың 28 қыркүйек 2020 02:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда Есіл өзені мен Нұр-Есіл каналының үстінен тағы бір көпір салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жаңа жолдар мен көпірлер тіршілігі қайнаған көшелердің жүгін азайтып, жақын маңдағы аудандар мен жалпы, қала тұрғындарына қолайлы жағдай тудыратыны сөзсіз. Аралау кезінде Nova City маңындағы №27 көшені № 39 көшемен (Тәуелсіздік) жалғайтын көше құрылысымен таныстым» деп жазды қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында.

Оның айтуынша, осы көшенің өзі ғана мынадай жүйелі мәселелерді шешеді:

- Жолды әуежай бағытында жалғап, Тельман тұрғын алабымен қосады. Осы алап тұрғындарының қалаға қатынайтын жолы мейлінше қысқарады;

- Мәңгілік Ел мен Ұлы Дала даңғылдарының жүгін азайтады;

- Осы жаңа көшеден Есіл өзені мен Нұра-Есіл каналы үстінен екі көпір болады. Олар өзеннің қос жағалауын байланыстырады;

«Биыл барлығы 150 көшені жөндеуден өткіземіз және жаңадан саламыз» дейді шаһар басшысы.





Жоғары қарай