Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Биыл елордада 6 млн гүл отырғызылады

2020 жылдың 8 сәуір 2020 14:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл «Астана-Зеленстрой» ЖШС 6 млн гүлзар отырғызуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Коммуналдық қызмет жұмысшылары алаңдарды, саябақтарды, тынымбақтар мен қала көшелерін безендіріп, аумақтарды абаттандырмақшы.

Қызметкерлердің айтуынша, олар гүл отырғызу уақытын асыға күтуде.

- Осы кәсіпорында жұмыс істеп жатқаныма 10 жылдан асты. Өздеріңіз білетіндей, гүлдер біздің қаланы көркейтіп қана қоймай, тұрғындарымызға оң әсер етеді. Көңіл-күйді көтеретіні анық. Әсіресе, біздің балаларымызға қатты ұнайды. Бір сөзбен айтқанда, гүлдер біздің қаламызды қайта түлетеді. Елордамыз жылдан жылға көркейіп келеді, - дейді Жайнагүл Дәулетқызы.











Кәсіпорын директоры атап өткендей, коммуналдық қызметтің жұмысшылары елорда тұрғындарын қуантуға дайын. Елорда бір жылдық және көпжылдық гүлдермен безендіріледі.

- Біздің елордамызды көгалдандыру бағдарламасы аясында «Астана-Зеленстрой» кәсіпорны ағаштар мен бұталарды отырғызу, гүлзарлар орнату бойынша заманауи технологияларды енгізу жұмыстарын жалғастыруда. Биыл 6 млн гүлзар отырғызуды жоспарлап отырмыз. Қалада бірқатар гүл композициялары жасалып, гүлдеріміз елорданың барлық аудандарын безендіріледі. Оған қоса, ағаштарды отырғызу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде - деп атап өтті кәсіпорын директоры Руслан Оралов.

Сондай-ақ, басшының айтуынша, барлық гүлзарлар отандық агроном-ғалымдардың қатысуымен өсіріледі. Жасыл желектің барлық тұқымдары зертханалық зерттеулерден өтеді.

Бүгінгі таңда «Астана-Зеленстрой» кәсіпорында 600-ге жуық адам жұмыс істеп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында жаңа жұмыс орындарды ашу жоспарлануда.











Осы кәсіпорында жұмыс істегісі келетіндер 87019099444, 87015134783, 87027486700, 87019336467, 87011208002 телефондарына хабарласа алады.


Жоғары қарай