Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Биыл елордада құрылысы ұзаққа созылған 20 үйге 8 мың үлескер қоныстанады

2020 жылдың 2 мамыр 2020 14:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл Нұр-Сұлтанда құрылысы ұзаққа созылған 500 мың шаршы метр тұрғын үйлердің құрылысы аяқталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл дегеніміз - 20 тұрғын үй кешені. 8 мыңға жуық үлескер пәтер иесі атанып, үй құжаттарын рәсімдей алады.

Бүгін елорда әкімі Алтай Көлгінов жұмыс сапары барысында «Жастар 4», «Арыстан», «Гарант» сияқты бірқатар үлестік құрылыс нысандарын аралады.

«Тұрғын үй кешенінде жұмыстар қайта басталды. Пәтерімізді жыл сайын күттік. Ал қазір құрылыс жұмыстарының жанданғанын өз көзімізбен көріп тұрмыз. Өткен жылдың күзімен салыстыратын болсақ, көп жұмыс атқарылды. Өзіміз үшін де, басқа да үлескерлер үшін де қуаныштымыз», - деп атап өтті тұрғын үй үлескерлері.





Елорда әкімі Алтай Көлгінов барлық санитарлық нормаларды қатаң сақтау керектігін айтты.

«Пандемияны ескере отырып, нысандарда барлық талаптарды қатаң сақтау қажет. Жұмысты тиісті деңгейде жүргізу маңызды. Құрылыс сапалы болуы керек. Қаланы абаттандыру қажет», - дейді қала басшысы.

Өткен жылы 2,5 мың үлескері бар 10 үй пайдалануға берілді. Әрбір үлестік құрылыс нысаны бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары әзірленді.





Жоғары қарай