Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 381.10
EUR 420.81
RUB 5.65
CNY 54.57

Биыл еңбек қауіпсіздігі саласында 2 мыңға жуық ереже бұзылған

2019 жылдың 3 қараша 2019 09:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпаратм – Биылғы 9 айда мемлекеттік еңбек инспекторлары 7 мыңнан астам тексеру жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ағымдағы жылдың 9 айында мемлекеттік еңбек инспекторлары 7 054 тексеру жүргізіп, оның барысында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында 1 791 бұзушылық анықталды. Жұмыс берушілерге бұзушылықтарды жою туралы 344 ұйғарым шығарылып, 21,2 млн теңге сомаға 151 әкімшілік айыппұл салынды», - деп аталып өткен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінде.

Атап айтқанда, заңды және жеке тұлғалардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша 631 өтініші қаралып, өндірістегі жазатайым оқиғаларға 882 арнайы тексеру жүргізілді. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төнуіне байланысты мемлекеттік еңбек инспекторларының талабы бойынша жұмыс берушілер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидаларды бұзғаны үшін 47 адамды атқарып отырған қызметінен босатты. 11 құрал-жабдық, 2 өндірістік нысан және 7 ұйымның қызметіне тыйым салынды. 820 іс құқық қорғау органдарына берілді, олар бойынша 116 қылмыстық іс қозғалды.

«Жалпы, мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілер қабылдаған еңбекті қорғау саласындағы кешенді шаралар өндірістік жарақаттануды төмендету бойынша оң динамиканы сақтауға мүмкіндік берді», - делінген минстрлік хабарламасында.

Жоғары қарай