Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Биыл газдандыру деңгейі 50 пайыздан асуы тиіс - Роман Скляр

2020 жылдың 25 ақпан 2020 19:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылы Қазақстанды газдандыру деңгейі кемінде 52 пайызға жетуі тиіс. Бұл туралы бүгін Энергетика министрлігінің алқа отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өңірлерді газдандыру елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен мультипликативті әсерін тигізумен қатар қалалардағы экологиялық жағдайдың айтарлықтай жақсаруына сеп болады. 2020 жылы елімізде газдандырылу деңгейі кемінде 52 пайыз болуы қажет», - деді Роман Скляр.

Үкімет басшысының орынбасары Энергетика министрлігіне қарасты салалардағы тиімділікті, ашықтықты арттыру үшін заманауи цифрлық технологияларды жан-жақты енгізу қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар ол мұнай өндіру көлемі жылдан-эылға төмендеп келе жатқан Қызылорда мен Ақтөбе облыстарында кәсіпорындардың үздіксіз жұмыс істеуі мәселесіне айрықша назар аудартты. Жүзеге асырылып жатқан жобалардағы қазақстандық қамту үлесін арттыру қажеттігін де айтты.

«Премьер-Министрдің жергілікті қамтуды дамыту бойынша берген тапсырмалары сапалы әрі жоспарланған мерзімде орындалуы тиіс. Бұл ретте мұнай-газ машинасын жасау саласын дамыту шараларының жоспарын жүзеге асыруға ерекше назар аударуларыңыз қажет. Машина жасау өнімдерінің жылдық импортының жалпы көлемі шамамен 800 млрд теңгені құрайды. Ал мұнай-газ машиналарын жасау ішкі өндірісінің көлемі не-бәрі 53 млрд теңгені ғана құрайды. Демек, өндірісті одан ары дамытуға үлкен қор бар», - деді Роман Скляр.

Жоғары қарай