Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Биыл қандастарды қабылдауға қанша квота бөлінді

2020 жылдың 27 қазан 2020 20:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты Қайрат Бодаухан биыл қандастарға қанша квота бөлінгенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдар Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға алдағы жылға оралмандарды қабылдаудың өңірлік квоталарын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді. Осылайша биыл 7 облысқа 1378 этникалық қазаққа өңірлік квота құрылды (2019 жылы - 2 331 адам болған)», - деді Қайрат Бодаухан «Отандастар қоры» КЕАҚ жанындағы қоғамдық комиссияның отырысында.

Оның айтуынша, Ақмола облысында – 258, Павлодар облысында – 500, Шығыс Қазақстан облысында – 150, Солтүстік Қазақстан облысында – 120 және Қостанай облысында – 350 квота бөлінген.

«Ал, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары мүлдем өтінім бермеген. 2017 жылдан бастап, квота отбасы санына емес, адам санына қарай беріледі», - деді Қ. Бодаухан.


Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Қандастар,
Жоғары қарай