Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Биыл қанша қандасымыз Қазақстан азаматтығын алды

2021 жылдың 7 қазан 2021 15:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл 225 қандасымыз жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан азаматтығын алды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Баймұхамбет айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл басынан бері қандастарға азаматтық беру мерзімі 2 есеге, 6 айдан 3 айға дейін қысқартылды. Шамамен 225 қандасымыз жеңілдетілген тәртіппен азаматтығын рәсімдеді. Реттелмейтін құқықтық мәртебемен анықталған 45 тұлға Қазақстан азаматы деп танылып, құжаттарын алды», - деді Арман Баймұхамбет.

Сонымен қатар ол елімізде төлқұжат пен жеке куәлік рәсімдеу мерзімі оңтайландырылғанын атап өтті.

«Жеке басты куәландыратын құжаттарды рәсімдеу тетіктері де жетілдіріліп жатыр. Осы жылдың 9 айының ішінде 143 мың төлқұжат пен жеке куәлік рәсімделіп, берілді», - деді басқарма басшысы.


Жоғары қарай