Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Биыл Қарағанды облысындағы колледждерде 10 жаңа мамандық ашылады

2021 жылдың 20 тамыз 2021 21:22

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысындағы колледждерде 10 жаңа мамандық ашылады. Бұл өңірдегі сұранысқа ие мамандардың тапшылығын жоюға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Интеграцияланған модульді білім беру бағдарламаларын енгізудің арқасында студенттер бірден бір мамандықтың орнына бірнеше біліктілік алады. Колледждерде еңбек нарығын талдауға негізделген SKILLS-ID бағдарламасы енгізілуде. Талап етілмеген мамандықтар саны қысқарып келеді. Оның орнына жаңа, әлеуеттілері ашылып жатыр.

Бұл туралы педагогтардың тамыз кеңесінде онлайн режимде Қарағанды облысының білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова айтып берді.

«Соңғы үш жылда сұранысқа ие 10 мамандық ашылды, оның ішінде екі мамандық бойынша дайындық тек біздің облыста жүргізіледі – «Микроэлектроника және мобильді құрылғылар» және «Ақпараттық қауіпсіздік». Жаңа оқу жылында тағы да 10 мамандық ашамыз. Бұл «Автожолдар мен әуе айлақтарды салу және пайдалану», «Цифрлық техника (түрлері бойынша)», «Ғимараттарды жобалау мен пайдаланудың автоматтандырылған жүйелері», «Киім дизайны», «Өнеркәсіптік өнім дизайны», «Интерьер дизайны», «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері», «Жаңартылатын энергетика», «Шиналар өндірісі», «Логистика», – деді Гүлсім Қожахметова.

15 колледжде жоғары білікті мамандарды даярлауға және жаңа сұранысқа ие мамандықтарды ашуға бағытталған «Жас маман» республикалық жобасы іске асырылуда. Жоба аясында колледждер заманауи жабдықтармен жабдықталған.

Сондай-ақ, өңірде жеті құзыреттілік орталығы құрылды. Болашақта олардың бірінің базасында жаттығу лагері болады. Облыста барлығы 15 құзыреттілік орталығы бар. Келесі жылы осындай сегіз алаң ашу жоспарлануда.

«Дуалды оқытуды дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда. 360 кәсіпорынмен ынтымақтастық орнатылған. Биыл дуалды оқытумен қамтылған мамандықтардың үлесі 50% -ды құрайды. Жұмысшы мамандықтарды дәріптеуге бағытталған Worldskills халықаралық қозғалысын дамыту бойынша жұмыс жалғасуда. Биылғы жылы түлектердің қорытынды аттестаттауы алғаш рет WorldSkills стандарттарын ескере отырып, кадрларды даярлау сапасын бағалаудың жаңа құралы – демонстрациялық емтиханды қолдану арқылы өткізілді», – деп атап өтті спикер.

Бұл форматтағы емтихандардан 13 колледж базасында 630 студент өтті. SkillsPassport алған түлектер жас мамандардың мәліметтер базасына енгізілді, оған қызметкерлерді іздеу және іріктеу үшін жетекші кәсіпорындардың жұмыс берушілері қол жеткізе алады.

Өңір колледждері халықаралық компаниялармен де ынтымақтастық орнатты. Ресейлік «Татнефть» компаниясымен бірлесіп Саран көпсалалы колледжінің базасында «Шиналар өндірісі» жаңа мамандығы «Шина құрастырушы-қалыптаушы», «Автокамера агрегат машинисі», «Престеуші-вулканизаторшы», «Техник-технолог» біліктілігі бойынша құрылады.


Жоғары қарай