Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Биыл Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 2 млрд АҚШ долларына жуықтады

2021 жылдың 20 тамыз 2021 18:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы 6 ай ішінде Қазақстан мен Өзбекстан елі арасындағы тауар айналымы 1,9 млрд АҚШ долларға жетті. Бұл туралы Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Екі ел Үкіметі қабылдаған өзара келісімнің нәтижесінде екіжақты тауар айналымы қарқыны артып келеді. Бұған дейін Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы тұрақты деңгейде болды. Атап айтар болсақ, өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 3 млрд-тан астам АҚШ долларын құрады. Биыл 6 айдың ішінде екі ел арасындағы тауар айналымы 1,9 млрд АҚШ долларын құрап отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 41,3%-ға жоғары. Қазіргі уақытта Өзбекстан республикасы аумағында Қазақстан капиталының қатысуымен 858 өнеркәсіп жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 431 өнеркәсіп екіжақты капитал (50/50) көмегімен жұмыс істеп тұр және 427 өнеркәсіп таза қазақстандық капиталдың есебінен өндірісін жалғастырып жатыр», - деді Саидикрам Ниязходжаев елордадағы Өзбекстан елшілігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Өзбек елшісінің мәліметіне сүйенсек, аталған елде акционерлік қоғам үлесі бойынша қазақстандық өнеркәсіптер алғашқы орында тұр.

Бұған дейін Өзбекстан елшісі С. Ниязходжаев екі ел аумағында бірлескен фармацевтикалық өнеркәсіп ашу туралы сөз қозғады.


Автор Әли Ибраев
Басты сөздер: Экономика, Өзбекстан,
Жоғары қарай