Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Биыл Қазақстанда қанша мектеп салынады

2021 жылдың 15 қараша 2021 18:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мектептерде орын жетіспеушілігі проблемасын шешу, білім сапасын жақсарту үшін қандай жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БАҚ өкілдерімен кездесу барысында Асқар Мамин бұл мәселеде елімізде орын алып жатқан демографиялық процестерге жіті назар аудару қажеттігін баса атап өтті.

«Яғни, соңғы 10 жылда туу көрсеткіші 2 есеге артып отыр. Соған орай оқушы орындарының саны мүлдем басқаша қалыптасқан. Осыған байланысты бізге 5 жылдың ішінде 1 мың мектеп, жыл сайын 200 мектеп салу қажет», - деді Үкімет басшысы.

Премьер-Министрдің атап өтуінше, еліміздің білім саласы инвестициялық тұрғыда тартымды бола түсуде.

«Биыл 160 жекеменшік мектеп салынады. Яғни, бүгінде жеке капитал келіп жатыр және білім беру жобаларын қаржыландыруда. Олар өз инвестицияларын жан басына қаржыландыру арқылы қайтарып алады. Осындай қаржылық моделді қалыптастыру тиімді бола түсуде. Мұндай көптеген модель бар. Биыл біз шамамен 300 мектепті пайдалануға береміз. Алдымызда тұрған 5 жылдың ішінде мың мектеп салу міндетін орындаймыз деп ойлаймын», - деді ол.

Осы орайда Асқар Мамин білім сапасын да естен шығармау қажеттігіне баса назар аудартты.


Жоғары қарай