Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Биыл Қазақстанға 20 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылмақ

2021 жылдың 29 қараша 2021 13:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Қазақстанға 20 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылмақ. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Әлішер Әбдіқадыров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сонымен қатар әлемде инвестициялар тарту саласында бірнеше негізгі тренд байқалды. Жаңа өнеркәсіптік революция және құндылықтар тізбегінің күрделенуі жағдайында IT және қызметтер саласындағы жобалар көбірек инвестициялар тартады. Инвестор үшін ірі нарықтардың жақындығы, білікті кадрлардың болуы, инфрақұрылым мүмкіндіктері және логистиканың ыңғайлылығы сияқты факторлар бірінші орынға шығады. Әкімшілік рәсімдер үшін, мысалы, «бір терезе» онлайн-тетіктері арқылы цифрлық қызметтердің болуы әлеуетті инвесторлар үшін белгі сигнал болып саналады», - деді Ә. Әбдіқадыров Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, Қазақстанда өткен жылы тікелей шетелдік инвестициялар көрсеткіші рекордтық 30%-ға төмендеп, 17 миллиард АҚШ долларын құрады.

«Ал биыл оң динамика байқалды. Мәселен, осы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша ел экономикасына 11,1 миллиард АҚШ доллары сомасында тікелей шетелдік инвестициялар тартылды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінен 30,4%-ға артық (2020 жылдың 6 айы – 8,5 миллиард АҚШ доллары). Биылдың қорытындысы бойынша 20 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тарту жоспарланған. Ал 2023 жылға қарай инвестициялар пандемияға дейінгі деңгейіне (24,4 миллард АҚШ доллары) жетеді деп күтілуде», - деді вице-министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Әлішер Әбдіқадыров пандемияның шектеу іс-шаралары жағдайында жаһандық тікелей шетел инвестициялары ағындары 35%-ға төмендегенін айтты.


Жоғары қарай