Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Биыл «Қазақтелеком» 400-ден астам ауылға интернет тартады

2019 жылдың 30 шілде 2019 12:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алдағы екі жылда 2,5 млн ауыл тұрғыны интернет игілігіне қол жеткізеді. Бұл туралы «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының бас қаржы директоры Асхат Өзбеков БАҚ өкілдерімен өткен брифингте айтты.

Асхат Өзбеков «Қазақтелеком» тарапынан «Ауылдық жерлерде талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу» атты жоба дайындалып жатқанын айтады. Осы жобаның арқасында келесі жылдың аяғына дейін 800-ден астам ауыл интернетке қосылуы тиіс.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендерде оптикалық-талшықты байланыс желісін салу жобасы біздің компания үшін стратегиялық мақсаттың бірі саналады. Өткен жылы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен осы мақсатта мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты жасалған болатын», - деген Асхат Өзбеков осы жоба аясында 15 мың шақырымнан астам оптикалық-талшықты магистраль салынатынын айтты.

«Келесі жылдың соңына дейін 800-ден астам шалғай ауылды интернетке қосу жоспарланған. Ал биыл 400-ден астам ауылдық елді мекенде интернет желісін қосу жоспарланып отыр», - деді Асхат Өзбеков.

Жоғары қарай