Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Биыл көліктің қандай брендтерін қазақстандықтар көп сатып алды

2020 жылдың 13 тамыз 2020 13:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –2020 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында Қазақстанда ресми дилерлер 42 мыңнан астам жаңа көлік сатты. Бұл туралы ҚазАқпарат «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағына сілтеме жасап хабарлайды.

«Аталған кезеңде ресми дилерлер 42 372 көлікті сатты. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 13,6 пайызға жоғары. Биылғы жеті айда қазақстандықтар жаңа жеңіл көліктерді алуға 383,6 млрд теңге жұмсап, 2019 жылғы деңгейден 10 пайызға артық болды», - делінген таратылған мәліметте.

Көлік сатып алушы 29 462 адам (69,5 пайызы) отандық зауыттардың өніміне өз таңдауын жасаған. Сонымен қатар, биылғы 7 айда сатылған 12 910 автомобиль (30,5 пайызы) импортқа тиесілі болып отыр.

Аталған мерзімде елімізде сұранысы жоғары брендтердің арасында Lada (9717 көлік), Hyundai (8030), Toyota (5581 ), Ravon (5112 ) және KIA (3695) көліктері көш бастады.

Мұнымен қоса, сатылымы жоғары болған ТОР-ондықта - Renault (1461 көлік), GAZ (1367), Nissan (1140), Volkswagen (1116) мен UAZ (975) бар.


Жоғары қарай