Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Биыл кредит алған қазақстандықтар саны өсті

2021 жылдың 17 қазан 2021 10:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда тұтынушылық кредит алушылар саны өскен. Бұл туралы ҚазАқпарат Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Ағымдағы жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша тұтынушылық қарыздар 2020 жылмен салыстырғанда едәуір жеделдеп (2020 жылы тұтынушылық қарыздар 4,3%-ға ұлғайды), 5,4 трлн теңгеге дейін 23,8%-ға немесе экономикаға кредиттердің 33%-на (жыл басында 30%) ұлғайды. Осы көрсеткіштің өсуі ағымдағы жылы ЖІӨ мен халық табысының номиналды өсімінен едәуір асып түседі, бұл тұтынушылық кредит беру нарығындағы тәуекелдердің артуын растайды», - делінген агенттік хабарламасында.

Ағымдағы жылдың басынан бастап жаңадан берілген тұтынушылық қарыздардың 88%-ын 3 банк: «Kaspi Bank» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Сбербанк» АҚ ЕБ қамтамасыз етті.

Ал мемлекеттік кредиттік бюроның деректері бойынша қарыз алушылардың көпшілігінде, яғни 72%-да, кредиттер бойынша берешегі борышының орташа сомасы 1 млн теңгеге дейін орташа алғанда 339,2 мың теңге болады

Тұтынушылық кредиттер бойынша қарыз алушылардың негізгі үлесі еліміздің ірі қалалары – Алматыда (24,1%), Нұр-Сұлтанда (9%), Шымкентте (7%) шоғырланған.








Жоғары қарай