Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Биыл құны 1,1 трлн теңге болатын 160 жоба іске асырылады

2020 жылдың 5 тамыз 2020 17:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл құны 1,1 трлн теңге болатын 160 жоба іске асырылады. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Индустрияландыру картасы аясында осы жылдың соңына дейін жергілікті әкімдіктердің ақпараты бойынша 17 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарын құру арқылы 1,1 трлн теңгеге 160 жобаны жүзеге асыру жоспарланған», - деді вице-министр.

Оның дерегінше, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша шамамен 900 жұмыс орны құрылып, жалпы құны 23,7 млр теңгеге 4 жоба іске қосылды.

«Сонымен қатар, коронавирус індеті кезінде жеке қорғаныс құралдарына (ЖҚҚ) деген үлкен сұраныстың артуына байланысты осы бағыттағы 4 жаңа жоба іске қосылды. Олар - ЖКҚ өндіретін «Bizhon» ЖШС және зарарсыздандыру құралдарын шығаратын 3 жаңа кәсіпорын - «Топан» ЖШС, «SARI SUPPLIERS» (Сари суплайерс) ЖШС, «НеоХимТех» ЖК«, - деді Аманияз Ержанов.


Жоғары қарай