Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Биыл Құрық порты жүктерді жөнелтуден 1,6 млрд теңге табыс тапты

2019 жылдың 15 желтоқсан 2019 09:28

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Биыл Құрық теңіз порты іске қосылғанына - 3 жыл. Солу ақыттан бері 1394 кеме жүріп өткен. Ал, жүктерді ауыстырып тиеу 4,3 млн тоннаны құрап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір теңіз портында 2 теміржол, 1 автомобиль жолы паромдық кешені жұмыс істеп тұр. Құрық портының паром кешені заманауи инфрақұрылымдық қондырғылармен жабдықталған. Жалпы жобалық қуаттылығы – 6 млн тонна. 2019 жылдың он бір айындағы көрсеткіш бойынша, 1,2 миллион тоннадан астам әртүрлі жүк жөнелтілген, 1,6 млрд теңге табыс түскен. Жүктердің 760 мың тоннасы импортталып, 485 мың тоннасы экспортқа жөнелтілген.

Заманауи инфрақұрылымдармен жабдықталған Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы портының келешекке жаңа жоспары көп. Жуырда ғана «Каспий халықаралық транзиттік маршруты» қауымдастығына мүше болған қазақстандық порт өз әлеуетін арттыру үшін көрші мемлекеттермен келіссөздер жүргізіп жатыр.

«Қазіргі уақытта қазақстандық астық, көмір, мұнай өнімдері, тыңайтқыштар, химиялық заттар Құрық портының паром кешені арқылы экспортталады. Порт арқылы түрлі жабдықтар, электроника, тоқыма, химиялық өнімдер, металл бұйымдары және тағы басқалар өтеді. Тұтастай алғанда, порттың теміржол және автомобиль инфрақұрылымы Құрық порты арқылы Әзербайжан мен Грузияға, Түркиямен Шығыс Еуропаға жіберуге мүмкіндік береді. Жалпы, мұнда паром кешені іске қосылғалы кіріс 4 миллиардтан астам теңгені құрады»,- деді порттың бас директоры Серік Жетпісбайұлы.

Азия мен Еуропаны теңіз арқылы жалғайтын су жолының бойында тұрған паромда 200-ге жуық адам жұмыспен қамтылған. Барлық қызметкерлер үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Жайлы жатақхана, күніне 3 рет тамақтанатын асхана және баскетбол алаңдары қарастырылған.

Фото: kazakh-tv.kz

Жоғары қарай