Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Биыл құтқарушылар Алакөл көлінде 8 адамды аман алып қалды

2021 жылдың 26 шілде 2021 10:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл құтқарушылар жыл басынан бері 8 адамды, оның ішінде 4 баланы аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алакөл көлінде суға шомылу маусымында өрт сөндірушілер мен құтқарушылар бекеті жұмыс істейді. Әр 2 апта сайын мұнда демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қызмет атқаратын 6 сүңгуір мен 4 өрт сөндіруші кезекшілік атқарады. Басты міндет-көл жағалауында орналасқан объектілерде судағы қайғылы оқиғалар мен өрттердің алдын алу.

Жыл сайын жаз мезглінде ШҚО ТЖД құтқарушылары күшейтілген қызметке көшеді. Құтқарушылар патрульдеуді қайықпен, ал өрт сөндірушілер демалушылар мен объекті иелерінің өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауын мониторингілеу жолымен жүргізеді. Сондай-ақ азаматтарға нұсқау беру және оларға жадынамалар беру арқылы оқыту жүргізіледі. Құтқарушылар бекеті жұмыс жүргізу үшін қажетті құтқару жабдықтарымен, оның ішінде арнайы сүңгуір костюмдерімен, жүзу және басқа да құралдармен жабдықталған.




Алакөл көліндегі құтқарушылар 2021 жылы 8 адамды, оның ішінде 4 балаға дер кезінде көмек көрсетті. Сонымен қатар өрт инспекторлары жеке демалыс аймақтарының иелеріне және жеке демалыс аймақтарының сеніп тапсырылған аумақтарында азаматтардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдау туралы ұсынымдар береді.

Демалушылардың назарын судағы қауіпсіздік мәселелеріне аудару үшін Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары Үржар ауданының жастар ресурстық орталығының еріктілерімен бірлесіп, ең көп баратын курорттардың бірі-Алакөл көлінде акция өткізді.




Жыл сайын мұнда 12 мыңға жуық азамат демалады. Барлығы 180-нен астам демалыс орны бар. Қазіргі уақытта облыста суға шомылу кезеңінің басынан бері 24 адам суға батып кетті, оның 5-і балалар. Суға батып кеткендердің статистикасына алаңдаған құтқарушылар бұдан былайғы қайғылы жағдайларға жол бермеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды: тыйым салынған шомылу орындарында патрульдейді, адамдар көп жиналатын жерлерде әлеуметтік роликтер мен су айдындарында қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы стендтер орналастырады, балалар лагерлерінде викториналар ұйымдастырады.




«Алайда біздің әрқайсымыз ережелерді сақтаудың қаншалықты маңызды екенін түсінбейінше, жағдайды өзгерту қиын болады. Еріктілермен бірге облыстың су айдындарында қаза болғандарды еске алу және демалушылардың назарын қауіпсіздік мәдениетіне аудару мақсатында аспанған 24 шар ұшырылды. Қауіпсіз жағажай акциясы аясында құтқарушылар мен еріктілер демалушыларға нұсқау беріп, демалыстарын су жанында қалай қауіпсіз өткізу туралы жадынамаларды табыстады. Қазіргі уақытта өңірде демалыс базаларының иелеріне жағажайларды бекіту бойынша кәсіпкерлермен 17 меморандум жасалды. Демалысты сауатты ұйымдастыру туралы, соның ішінде су айдынында құтқарушылардың міндетті түрде болуы, жағажайларды бекіту иелерін демалушылар үшін жауапты болуға міндеттейді. Су қоймасында қайтыс болған жағдайда, бұл жағажайда жүзуге тыйым салынуы мүмкін»,-делінген хабарламада.


Жоғары қарай