Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Биыл күзде Қырғызстанда Парламент сайлауы өтеді

2021 жылдың 1 наурыз 2021 18:15

БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қырғызстанда Парламент сайлауы күзде болады. Бұл жайында Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров ҚазАқпаратқа берген сұхбатында мәлім етті.

«Жақында жергілікті сайлау өтеді. Референдум өткізу белгіленді, оны біз де әділ өткіземіз. Күзде парламент сайлауы өтеді», - деді ол.

Қазіргі депутаттық корпустың өкілеттік мерзімі өткен жылдың қазан айында аяқталды.

Алайда, парламенттік сайлаудан кейін басталған наразылықтар олардың нәтижелерінің жойылуына, сондай-ақ президент Сооронбай Жээнбеков пен Үкіметтің отставкаға кетуіне әкелді.

Нәтижесінде алдыңғы шақырылымдағы депутаттар өздерінің қызметтік міндеттерін атқаруды жалғастырған болатын.

Өткен жылдың соңында олар «2021 жылдың 1 маусымынан кешіктірмей» жаңа парламент сайлауын өткізуді көздейтін заң қабылдады.


Жоғары қарай