Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Биыл негізгі капиталға 6,1 трлн теңге сомасында инвестиция тартылды

2020 жылдың 11 тамыз 2020 10:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Негізгі капиталға 6,1 трлн теңге сомасында инвестиция тартылды. Бұл туралы Үкімет отырысында биылғы қаңтар-шілдедегі әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелерін талқылау кезінде ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Негізгі капиталға 6,1 трлн теңге сомасында инвестиция тартылды. 13 өңір өсім көрсетті. Ең жоғары өсім Ақмола (29,7%-ке), Солтүстік Қазақстан (18,8%-ке), Түркістан (18,7%-ке) облыстарында және Шымкент қаласында (23,4%-ке) байқалады. 4 өңірде төмендеу тіркелді. Бұл Қызылорда (-37,1%), Атырау (-19,9%), Батыс Қазақстан (-9,2%), және Қарағанды (-9,2%) облыстары», - деді министр.

Сонымен қатар ол құрылыс 6,3 пайызға ұлғайғанын жеткізді. Құрылыс жұмыстарының жоғары өсуі Шымкент қаласында (58,9%-ке) және Түркістан облысында (52,8%-ке) байқалады.

«7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,5 пайызға көп», - деді Р. Дәленов.


Жоғары қарай