Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Биыл несие серіктестіктері арқылы тұтынушыларға рекордтық деңгейдегі қарыз беріледі

2019 жылдың 18 қыркүйек 2019 16:42

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Аграрлық несие корпорациясы» Ақ қазіргі уақытта ел бойынша 21 мыңнан астам кәсіпкерді біріктіретін 200-ден астам несие серіктестіктеріне қызмет көрсетеді. Бұл туралы корпорацияның басқарушы директоры Сәбит Жақсылықов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда ҚР несие серіктестіктерінің ІІІ форумы өтті. Шара барысында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарушы директоры Сәбит Жақсылықов жиналғандарға несие серіктестігі жүйесі туралы айтты.

«Несие серіктестіктерінің мақсаты - аймақтық қаржы институттарының желісін құру. Біздің алдымызға қойылған міндет – ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің қаржы ресурстарына қол жетімділігі мен қолданылуын қамтамасыз ету»,- деді ол.

Несие серіктестіктері егін егу, мал шаруашылығы, қайта өңдеу, суармалы жайылымдық жерлердің инфрақұрылым құрылысы сияқты барлық ауыл шаруашылық жобаларына қаржы қарастырады.

Сәбит Жақсылықовтың айтуынша, биыл Аграрлық несие корпорациясы мен несие серіктестіктері 170 миллиард теңгеден асатын несие портфеліне өтті. Сондай-ақ, жыл соңына дейін несие серіктестігі жүйесі арқылы тұтынушыларға 90 миллиард теңгеден астам қаржы берілмек. Бұл рекордтық көрсеткіш.

Ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне субсидия беру, агроөнеркәсіп кешені субъектілерін несиелеу бойынша Түркістан мен Ақмола облыстары көш бастап тұр.

«Несие серіктестігі - бұл өз қатысушыларына ақша беретін институт. Олар, мұндай тәуекелдерге өз тұтынушыларын білетіндіктен барады. Ауылдың тұрғындары бір-бірін жақсы таниды. Яғни, бір ауылдың тұрғындары несие алу үшін бірігеді. Кемінде үш адам болуы тиіс. Сөйтіп, олар несиені бірігіп төлейді. Бізде кредиттік серіктестіктің 1 500 қатысушысы бар, бұл Түркістан облысында», - деді Агроөнеркәсіптік несиелік серіктестіктер қауымдастығының жетекшісі Альмира Сағатова.


Жоғары қарай