Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Биыл Сенаттың 17 депутаты сайланады

2020 жылдың 12 маусым 2020 15:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Орталық сайлау комиссиясының Сенат депутаттарының сайлауына байланысты отырысы онлайн режимде өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін ҚР Президентінің Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы қаулысы жарияланды. ҚР Конституциясына сәйкес, Сенат Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және ҚР астанасынан 2 адам өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әр үш жыл сайын қайта сайланады», - деді отырысты ашқан ҚР ОСК төрағасы Берік Имашев.

Оның атап өтуінше, осы жылдың қазан айында 2014 жылы сайланған Сенаттың 17 депутатының өкілеттік мерзімі аяқталады.

«Сенат депутаттарын жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы таңдаушылар - мәслихат депутаттары сайлайды. Оларды өз кезегінде республика азаматтары сайлады. Осылайша, ел азаматтары өз өкілдері арқылы Сенатты қалыптастыруға қатысады», - деді ол.

Қазіргі уақытта отырыста 2020 жылдың 12 тамызына тағайындалған Парламент Сенаты депуттарын сайлауға дайындық және оны өткізу мәселелері қаралып жатыр.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Партиялар, Сенат, Сайлау,
Жоғары қарай