Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Биыл Шет ауданында 30-дан астам отбасы баспаналы болады

2021 жылдың 23 қыркүйек 2021 02:25

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы Шет ауданында жыл соңына дейін 30-дан астам отбасы баспанамен қамтылады. Ақсу-Аюлы елді мекенінде екі пәтерлі жеті үйдің құрылысы аяқталып қалды. Сонымен қатар, әкімдік кезекте тұрғандар үшін 18 үй сатып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек жұмыс сапарымен Шет ауданында болды.

Өңір басшысы жалға берілетін тұрғын үй құрылысының барысымен және жолдардың жөнделуімен танысты.

Ауданда ауылішілік жолдар белсенді түрде жөнделуде. Алты елді мекендегі 23 көше ретке келтірілді.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша тағы да бірнеше ауылдың жолдарына орташа жөндеу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта 9 көше жөнделді.

Шет ауданының ауылішілік жолдарының жартысынан көбі жақсы жағдайда, келесі жылы қалған көшелерді жөндеу жоспарланып отыр.

Жеңіс Қасымбекке ауданның жылу беру маусымына дайындығы туралы да баяндалды.

«Биыл 17 білім және бес мәдени мекеме, бір денсаулық сақтау ұйымы және екі тұрғын үйдің жылу жүйесі жөнделді. Барлық коммуналдық мекемелер көмірмен қамтамасыз етілген», – деп хабарлады Шет ауданының әкімі Мұхит Мұхтаров.

Мұхит Мұхтаровтың айтуынша, Ағадырда қолданыстағы кәріз желілері кеңейтілуде. Қызметке қосымша үйлер қосылады.

Бұл жұмысты жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, кенттің төрт көшесінде сумен жабдықтаудың резервтік желісін жүргізу жүріп жатыр.

Ауданда бұқаралық спортты дамытуға да айтарлықтай көңіл бөлінуде. Қазіргі заманғы бассейн ашып, оған күрес залын қосу жоспарда бар.

Сапар соңында облыс басшысы құрылыс қарқынын бәсеңдетпеуді және кезекте тұрғандарға баспананы мерзімінде беруді тапсырды.




















Жоғары қарай