Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Биыл СҚО-да малдың аса қауіпті аурулары 3 есе азайды

2021 жылдың 13 қазан 2021 14:30

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында былтыр малдың аса қауіпті аурулары 65 пунктте тіркелсе, биыл 19-ында анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-дағы қауіпті мал аурулары бойынша эпизоотикалық жағдай әкімдікте өткен жиында айтылды. СҚО ветеринария басқармасының мәліметінше, биыл өңірде сібір жарасының бір жағдайы тіркелді. Ақжар ауданы Горьковское елді мекеніндегі «Ақ-Ниет Агро» ЖШС ірі қара мал ауырып, дереу іс-шаралар кешені өткізілді, ошақ оқшауланды, халыққа және шаруашылыққа залал келген жоқ.

Ал бруцеллезге биыл 400-ден астам ірі қара шалдыққан. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе аз. Ауру мал сойылды. Иелеріне өтемақы төленіп жатыр. Өңірде қауіпті аурудың алты ошағы бар.

«Кей аудандарда бруцеллезге шалдыққан мал саны көбейді. Қызылжар ауданында - 99, Есілде - 89, Шал ақында - 26. Әрбір жағдай бойынша зерттеу жүргізілді. Аурудың таралуының негізгі себебі малды ветеринариялық қызметтің рұқсатынсыз тасымалдау. Мәселен мамыр айында Айыртау ауданына Маңғыстаудан әкелінген 410 сиырдың 35-нен бруцеллез анықталды. 23-інің сараптамасы күмәнді болды. Сол себепті малды өңірге әкелмес бұрын тексеріп алу қажет», - дейді СҚО әкімі Құмар Ақсақалов.

Жануарлар арасында құтырма ауруына күдікті 35 жағдай тіркелді.Олардың 11-інің диагнозы расталды. Инфекция жабайы аңдардан жұққан. Аурудың алдын алу үшін 45,3 мың түлік пен ит-мысық құтырмаға қарсы егілді. Сондай-ақ қараша-желтоқсан айларында қауіпті аймақтарда вакцинациялау үшін препараттың 108 мың дозасын қосымша бөлу туралы Ауыл шаруашылығы министрлігіне өтінім жіберілді.


Жоғары қарай