Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Биылғы астықтың орташа өнімділігі қандай

2020 жылдың 18 қыркүйек 2020 14:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміз аумағында астық алаңының 88,3 пайызы жиналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі.

«Биылғы 18 қыркүйектегі жағдай бойынша республика көлемінде барлығы 13,9 млн гектар дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды. Бұл республика бойынша жалпы жинау алаңының 88,3 пайызы. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде 8,2 млн гектар немесе 54 пайызы жиналған», - делінген ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің «ҚазАқпаратқа» берген мәліметінде.

Биыл 12,1 ц/га орташа өнімділік кезінде 16,9 млн тонна астық бастырылды. 2019 жылы осы кезде 9 млн. тонна жиналған еді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, барлық қабылданған шаралар есебінен биылғы астықтың болжамды жалпы жиналымы 18 млн тонна деңгейінде жоспарланып отыр.


Жоғары қарай