Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Биылғы I тоқсанда 683 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды

2021 жылдың 19 сәуір 2021 09:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 сәуірдегі жағдай бойынша 135,7 мың отбасындағы 683,4 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындалды. Ағымдағы жылы осы мақсаттарға бюджеттен 122,8 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды, ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жоқ.

АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.

Бұдан басқа, АӘК көрсетудің жаңа тетігін іске асыру шеңберінде еліміздің барлық өңірінде табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларын кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен (бұдан әрі – әлеуметтік топтама) қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде.

2021 жылғы 1 сәуірде АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 162,4 мың бала азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, 105,4 мың отбасындағы 519,4 мың қазақстандыққа 2021 жылғы І тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мемлекеттік инстанцияға жүгінбей-ақ автоматты түрде ұзартылды.

АӘК алушыларға бұдан бұрын, 2020 жылғы II,III және IV тоқсанда ТЖ режимі мен карантиндік шектеу шараларының қолданылуына байланысты көмек тағайындауға өтініш ұзартылды.


Жоғары қарай